Пан Ги Мун Қазақстанның әрбір мемлекеттің әскери шығындарының 1 пайызын БҰҰ қорына аудару ұсынысын жоғары бағалады
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның әрбір мемлекеттің әскери шығындарының 1 пайызын БҰҰ қорына аудару ұсынысын жоғары бағалады. Бүгін Қазақстан журналистеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.