Венгрияда түркітанушы Қоңыр Мандоки еңбектерінің жаңа жинағы таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы Венгрия ғылым академиясының қолдауымен шығарған түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандоки еңбектерінің «New comers from the east. Hungarians and Kipchak-Turks in Europe» (Шығыстан қоныстанушылар. Мажарлар мен Еуропадағы қыпшақ-түркілер) атты жаңа ғылыми жинағы таныстырылды.