Алматы облысы: Кеген - қарағай көшетінің мекені
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Айналамызды қоршаған жасыл шырша, орман алабы өсер ұрпақ үшін керек, ел келешегі үшін аса маңызды. Жанға шуақ, бойға қуат сыйлайтын, жүзіңе әр, жүрегіңе нәр беретін осынау табиғат әлемін рұқсатсыз қырқылудан, кездейсоқ өрттен сақтап, қорғайтын орманшылардың басты міндеті - орман алабын одан ары молайту.