Санкцияларды БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы әрекет ретінде өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет - Н.Назарбаев
НЬЮ-ЙОРК.ҚазАқпарат - Санкцияларды БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет. Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.