М.Цукерберг: дамушы елдерде интернетті кеңейту 140 млн. жұмыс орнын аша алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дамушы елдердегі интернетке қолжетімділік 140 млн. жұмыс орындарын ашуға және 160 миллион адамды кедейшіліктен шығаруға көмектеседі. Бұл туралы сенбі күні БҰҰ штаб-пәтеріндегі орнықты даму жөніндегі саммит аясында ірі Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг айтты.