Қызылордада қала күніне орай 120 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала күні мерекесіне орай кезекте тұрған азаматтар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойынан 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп, барлығы 120 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.