ҚР Президентінің Еуразиялық ықпалдастықты арттырудағы көшбасшылық рөлін ресейлік қоғам қолдайды - Юрий Кофнер
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 25 қыркүйек күні облыстық корей этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына орай «Еуразия кеңістігіндегі ұлтаралық қатынастар. Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы ҚХА-ның рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, оған Қазақстанға қоса, Мәскеу, Саратов, Самара, Орынбор қалаларынан келген жас ғалымдар қатысты.