Атырауда отандық тарихтағы Қазақ хандығының маңызына арналған халықаралық басқосу өтті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Қазақстан тарихындағы Қазақ хандығының маңызына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның және көптеген шет елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, елімізде жұмыс істейтін дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.