ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

Құрбан айт күнгі мал базары

Бұл күні мал базарларындағы сауда да қыза түсері анық. Қала маңындағы алыс-жақын ауылдардан арнайы жемдеп әкелген малдарын өткізуге асық бәрі. Қала тұрғындары осы жерден малын бауыздатып, етін буындатып,ішек-қарынын тазалатып әкетеді. Бауыздап беру-2000 теңге, буындап беру -1000 теңге, ішек-қарынын тазалап беру-500 теңге деп қызметінің құнын бағалаған адам жетерлік.
Айттың алғашқы күні құрбан шалушылардың көптігінен бе, тазалық мәселесі игеріле алмай жатқандығын байқадық.
«Бұл жердің санитарлық нормалары үшін базар әкімшілігі жауапты, тазалық мәселесіне жауап бере алмаймыз. Біз халықты осы уақытқа дейін мешіттерде хабардар еткенбіз»,-дейді Садуақас Ғылмани мешітінің наиб имамы Рашид Алпысбаев.
Дұрыс та шығар, осы уақытқа дейін арнайы мал союға арналған орындар да болмаған себебі.
«Столичный объектив» айдары Астана қаласының Big Шанхай базарында болып қайтты.