Қазақстан теміржол саласындағы машина бөлшектерінің басым бөлігі елімізде өндіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан теміржол саласындағы машина бөлшектерінің басым бөлігі елімізде өндіріледі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстан Машина жасаушылар одағы» бірлестігінің басқарма төрағасы, Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, баспасөз мәслихаты Астанада 1-2 қазанда Машина жасаушылардың үшінші халықаралық форумы тақырыбына арналған болатын.