ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

Бірқатар санаттар бойынша әлеуметтік көмектерге қолжетімділік арта түседі - Т. Дүйсенова

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдерге қолжетімділік артып, аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау күшейеді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлімдеді. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.