ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

Қазақстанда 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі - Т. Дүйсенова

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1-қаңтарынан  бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер енгізіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлімдеді. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.