Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың еңбек етуге деген ынтасы қамтамасыз етілуі керек - Г. Сейітмағанбетова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың еңбек етуге деген ынтасы қамтамасыз етілуі керек. Бүгін Парламент Мәжілісінде талқыланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша түсінік берген депутат Гүлнәр Сейітмағанбетова осылай мәлім етті.