ШЫҰ аясындағы 6 халықаралық жүк тасымалының 4-еуі Қазақстан арқылы өтетін болады - Ә. Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған келісім 2014 жылы Душанбе қаласында жасалған.