Кәсіпкерлік кодексі екінші оқылымда мақұлданды - Мәжіліс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Кәсiпкерлiк кодексiнің жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған кодекс жобасы жеке кәсіпкерлік пен мемлекет субъектілерінің өзара іс-қимылына, оның ішінде мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.