Астанада «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының 4 мүшесі ұсталды - ҚР ҰҚК
АСТАНА.ҚазАқпарат - ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК 405-бабымен қарастырылған (қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) қылмыс нышаны бойынша сотқа дейінгі өндіріс шеңберінде Астана қаласының төрт тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.