Индустрияландыру дағдарыс кезеңінде де экономиканың өзегі болып қала бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы бір сөзінде: «Іздеген сайын табылып, игерген сайын көбейе беретін бір ғана қазына - бұл индустрия мен инновация» деген еді. Шындығында, әлем экономикасы дағдарған тұста индустрияландыру жолын табысты етіп, экономикалық инфрақұрылымдарды дамыту мейлінше маңызды қадам.