Трамвай соққан көліктен шығарылған келіншек жан сақтау бөлімінде жатыр - Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері трамвайдың қатысуымен болған апаттан зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабековтың айтуынша, жол апаты салдарынан 5 адам жапа шегіп, олардың екеуі шұғыл медициналық жедел жәрдем ауруханасына, біреуі орталық клиникалық ауруханаға, біреуі №4 қалалық ауруханаға, соңғысы №7 қалалық аурухунаға жеткізілді.