Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жаңа мина-тартқыш кораблінің экипажы Ресейде дайындықтан өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруына келіп түсетін жаңа мина-тартқыш кораблінің экипажы айқындалды. Қазір құрылған құрам, ол 15 әскери теңізші Санкт-Петербург қаласының Әскери-теңіз академиясының базасында шетел экипаждарын даярлау үшін Ресейдегі оқу-жаттығу орталығында тағылымдамадан өтуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.