Астанада EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы таныстырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте сағат 13.00-де «Көрме» орталығының семинарлық бөлмесінде 12-ші қазақстандық Astana Leisure - 2015 халықаралық туристік көрмесі шеңберінде Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы бойынша ашық баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.