«Қайрат» Елордада «Астананы» жеңді
Бұл турда орталық ойын Елорда төрінде өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, екі команда үшін кездесу аса маңызды болды. Қазіргі кезде әр ұпай алтынмен пара-пар. Сондықтан чемпиондықтан үміткер командалар бар күштерін салып ойнау керек.
Португалиядан шаршап келген «Астана» командасына тың күш жетіспеген тәрізді. Бірінші тайм екі команда үшін де сылбыр өтті.
Ал екінші кезеңде Жерар Гоудан пасынан кейін бразилиялық Исаэль Барбоза есепті ашты. Осыдан соң алаң иелері бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, «Қайрат» қақпашысы сауатты ойнады. Қорытынды есеп – 0:1.
– Матч тең жағдайда өтті. Екі команда да бірінші таймда нашар ойнады. Көптеген гол соғатын мүмкіндіктер болды. «Қайрат» соны пайдалана білді. Ал біз керсінше. Бірінші таймда сылбыр болғанымызбен, екінші кезеңде динамика мен агрессия пайда болды. Бірақ гол соға алмағанымыз өкінішті, – дейді Станимир Стойлов.
«Астана» – Қазақстан чемпионы. Халықаралық аренада жоғары табысқа қол жеткізді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы бұл керемет. Қазақ футболын жаңа деңгейге көтерді. Ал ойынға келсек, бұл жеңіс біз үшін маңызды жоғары. Егер «Астана» ұтатын болса, бізден ұзап кетер еді. Сондықтан ұпай жоғалтпауға тырыстық. Бұл біздің арманымызға жасаған әзірге алғашқы қадам ғана. Барлығы әлі алда. Команданың тактикалық тұрғыдан сауатты ойнағанына және стандартты тиімді пайдалғанына көңлім толды. Владимир Плотников қақпада сауатты ойнады. Алаң иелеріне қарағанда бізде мүмкіндік көп болды. Сондықтан жеңіс әділетті деп ойлаймын, – дейді Владимир Вайсс.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» Елорда командасынан 4 ұпайға ұзады.
Мәтін: baq.kz