Гранттар мен шәкіртақыларға ие болған жас ғалымдар
Биыл екінші рет өтіп отырған байқауға еліміздің барлық аймағынан 21 жұмыс ұсынылған. Оның ішіндегі 8 ғылыми жоба үздік деп танылып, компания тағайындаған гранттарды жеңіп алды. Ал, ең жоғары бағаға лайық деп танылған екі жобаға бірінші дәрежедегі грант берілді. Олар Назарбаев университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының аға ғылыми қызметкері Бауыржан Ұмбаев пен кіші ғылыми қызметкері Алма Ахметова.
Сонымен қатар, SANTO компаниясы биыл Назарбаев Университетіне фармацевтика мамандығына бойынша оқуға түскен Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне атап айтсақ, Жақып Әдемі, Оразгелді Гүлмира, Жамболатова Аружан атаулы шәкіртақы табыстады.