Қырғызстаннан Қазақстан арқылы үшінші елдерге өтетін автокөліктер транзитіне рұқсат талап етілетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Экономикалық саясат, өңірлік даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда депутаттар «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Хаттамаға 2014 жылдың 7 қарашасында Астана қаласында қол қойылған.