Мекке қаласында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің атынан қазақстандық қажыларға ас берілді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мекке қаласында жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан қазақстандық қажыларға ас берілді. Бұл туралы Мекке қаласынан қазақстандық «Асыл арна» телеарнасының журналистері Нұрболат Қуанышбекұлы мен Мақсат Еркінбекұлы хабарлады.