Жазғы универсиададан жеңіспен оралған Қазақстан спортшылары марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кореяның Кванджу қаласында өткен 28-ші Жазғы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 146 елдің ішінде 11-ші орын иеленді. Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында осы ойындарда ел намысын қорғап, жеңіспен оралған отандастарымыз марапатталды. Жалпы, командамыздың ойыншылары алты алтын және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.