Семейде көлік жүргізушісі шарбақты бұзып өтіп, салынып жатқан құрылысты зақымдады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде түнгі бірде Орталық көшесімен келе жатқан «Лада-21703» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі №72 үйдің шарбағын бұзып өтіп, одан екпінмен бағанға соғылып, мұнан әрі үй құрылысына соғылып барып тоқтаған.