Бейжіңде қазақстандық келісім мен ұлттық бірлік үлгісі талқыланды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚХР-дағы ҚР Елшілігі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановтың басшылығымен қазақстандық делегация «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы: Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстелге қатысты.