Батыс Қазақстан мен Ақтөбенің шектесетін жерінде Исатай батыр ескерткіші ашылды (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 18 қыркүйек күні Орал-Ақтөбе күре жолының бойында, қос облыстың шектесетін жерінде 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының (1791-1838) ескерткіші ашылды.