Қазақстанда Туристер үшін кепілдендіру қоры құрылмақ
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанда әрбір туристен 0,5 АЕК көлемінде алым алу есебінен Туристер үшін кепілдендіру қорын құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.