Қазақстанда теміржол тасымалына жеке инвестиция тарту үшін салада субсидиялау тетігін өзгерту жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салаға жеке инвестицияларды тарту үшін Қазақстанда теміржол жолаушылар тасымалында субсидиялау тетіктерін өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада теміржол көлігін дамытуға арналған кеңесте ҚР ИДМ Көлік комитеті Теміржол көлігі басқармасының басшысы Нұрбек Қабижан мәлім етті.