Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтетін «Еуразия Барысы» турниріне 8 елдің палуандары қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ІІІ Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирін өткізіледі. Турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, 9 қазанда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді. Бұл туралы қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.