Меккеде апаттан көз жұмған қажыларды жерлеу рәсімі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мекке қаласында Харам мешітіндегі апаттан көз жұмған жандардың жаназасы шығарылып, марқұмдар денесі шаһидтар қорымына қойылды. Қасиетті шаһарда қара жер қойнына 29 қажының денесі тапсырылды, деп хабарлайды muslim.kz.