Қазақ-қытай шекарасында жаяулатқан миллионер қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды тексеріп-өткізу бекетінде жасы 70-тегі қарт адамның шекарадан 4 млн астам теңге заңсыз алып өтпек болғанын анықтады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.