Жаңа индустрияландыру: БҚО-ның шалғай ауданында кәсіпкер сүт өнімдерін өндіретін цехты іске қосты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдан ең шалғай орналасқан Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында тұратын кәсіпкер Бибігүл Жұмағұлова жаңа индустрияландыру аясында тәулігіне 500 литр сүт өнімдерін өндіретін цехты іске қосты.