Н.Назарбаев тәжік бизнесін Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырды
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәжік бизнесін индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырды. Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздердің қорытындысында жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Серік Сабеков.