Қазақстан халқының саны 17 млн. 563 мың адамнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 ж. 1 тамызға еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 9 983,2 мың (56,8%), ауылдықтар - 7 580,1 мың адамды (43,2%) құрады, деп хабарлады ҚР ИДМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі.