Сочидегі Ресей-Қазақстан ынтымақтастық форумының көрмесіне Қазақстаннан 60 ауылшаруашылығы кәсіпорны қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 16 қыркүйек күні Сочи қаласында өтетін Ресей-Қазақстан XII аймақаралық ынтымақтастық форумының аясында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының мүмкіндіктері» мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылады.