Елорданың кейбір көшелерінде жүк және мамандандырылған көліктердің қозғалысына уақыттық шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйектен бастап Астананың кейбір көшелерінде жүк және мамандандырылған көліктердің қозғалысына уақыттық шектеу қойылады. Бұл бастаманы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы «Астана LRT» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.