Н.Назарбаев: Қазақстанның жаһандық дамуға қосып жатқан үлесін әлем лайықты бағалайды деп сенемін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан әр уақытта да әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынас орнатып, арадағы сенімді сақтауға талпынады. Бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дамуға қосып жатқан Қазақстанның осы талпынысына әлем лайықты бағасын береді деген сенімін жеткізді.