Сеніп тапсырған астықты ысырап қылғаны үшін 90,4 миллион теңге айыппұл төлейтін болды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның «Д» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне қатысты бұзылған астықтың шығынын өндіріп беру туралы талап арызын қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.