Біз мемлекет қаражатына нысандар салып, оны кейіннен бизнеске бере салуды тоқтатуға тиіспіз - Н. Сабильянов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы қандай да бір компанияның жарғылық капиталына өтпеуі керек, ол мемлекеттің қарауында қалуы тиіс. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов осы мәселені көтерді.