Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу үшін еліміздің өңірлерінен делегациялар елордаға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда басты халықтық серуен өтетін этноауыл салынуда. Барша қазақстандықтар аталмыш тарихи датаны алдағы демалыс күндері, 11-13 қыркүйекте атап өтеді.