ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2021

Жолдаудың әскерге жүктелген міндеттері жеткізілді

Бұл жолғы жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта қарауды тапсырды. Қарулы Күштер сырттан төнетін қауіп-қатерлерге әрқашан әзір болуы керектігін және сонымен қатар мемлекеттік аппаратта осыған қатысты іс-қимылдың пысықталған жоспары болуы керектігін айтты.

Қарулы Күштер бұндай жағдайды да ескеруі тиіс. Сондықтан сырттан төнетін қауіпті модельдеу кезінде біз оқиғаларды өрбітудің анағұрлым жағымсыз нұсқаларын да қарастырамыз.
- Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде жаңа өңірлік және жаһандық сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің орын алуын ескеріп, ведомствоаралық тәсілді қолдану өзекті болып отыр, - деді  танк әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Серәлиев.
 
Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасау арқылы, әскери қатерлердің өршуі және соғыс жағдайы енгізілген кезде, мемлекет қызметін жоспарлауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу жоспарланып отыр. Жағдайдың кенеттен өзгеруіне қатысты мәселелер де пысықталады. Бұл ретте Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қауіп-қатерлер де негізге алынады.

Қайта қаралатын Әскери доктринада бюджеттің мүмкіндіктері мен отандық экономиканың әлеуетіне төнуі мүмкін қатерлер ескеріледі. Оның негізінде жалпы мемлекеттік қорғаныс саясатының нақты саяси бағдарлары қалыптасады.