Байкер Д.Петрухин «Қазақ хандығы 550 жыл» байрағын Өскеменге жеткізді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қыркүйек күні Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай өтіп жатқан мотошеруге қатысушы байкерлер Өскемен қаласына жетті. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, Қазақстан байкерлері Ассоциациясының президенті, әлемге танымал саяхатшы, байкер Дмитрий Петрухиннің бастамасымен ұйымдастырып отыр.