ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

Министр Тамара Дүйсенованың штаттан тыс кеңесшілері тағайындалады

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гюстава Русси клиникасы онкологиялық кампусының Бас директоры Александр Эггермонт (Франция) пен Берлиндегі университет жанындағы «Шаритэ» медициналық комплексінің профессоры Гюнтер Хенце отандық мамандарға Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жасауға көмектеседі. Аталған келісім ҚР ДСӘДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.