Түркі академиясы түркі халықтарына ортақ география мен әдебиет оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі академиясы түркі халықтарына ортақ география мен әдебиет оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындады. Бұл туралы бүгін Түркі кеңесі Білім министрлерінің 4-ші отырысында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мәлім етті.