А.Тұрлыбайды елге экстрадициялау үшін белгілі бір уақыт қажет - Қытайдағы ҚР Елшісі
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-да өмір бойы бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау үшін белгілі бір уақыт қажет. Бұл туралы қазақстандық журналистерге арналған баспасөз конференциясы барысында ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев хабарлады.