Астанада «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асырудағы жастар рөлі талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті және Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы бірлесіп этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерімен «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асырудағы жастар рөлі» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.