Фри картобын өндіру үшін Польша Павлодар облысынан 50 мың тонна картоп сатуын өтінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының басшысы Польшадан фри картобын өндіру үшін 50 мың тонна картоп сатуы жайында өтініш хатын алды. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығың вице-министрі Сапархан Омаровтың (суретте сол жақта) «Заря» ШҚ-на сапары барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.