ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

«Америкалық бұрыш» туралы ашып айтар болсақ

Ағылшын тіліндегі ақпарат қорлары мен Америка Құрама Штаттарына қатысты бағдарламаларға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. ЕҰУ-де орналасқан бұл бұрыш электронды дерекқорларға қол жеткізуге мүмкіндік береді: компьютерлермен қамтамсыз етіліп, құнды кітаптар қойылған, талқылаулар өткізуге де қолайлы. Орталық 3D форматындағы ғылыми-технологиялық зертхана, веб-чаттар және өзге виртуалды бағдарламалар жүргізуге мультимедиялық жүйелі ғылыми-техникалық бұрышы бар заманауи және жанға жайлы бөлмелермен жабдықталған.
Жаңа Америкалық бұрышқа келушілер ойын ойнау, робот техникасы және құрылымдаушы, 3D технологиясы және басқа да жаңадан енгізілген тәжірибелік жаттығулар арқылы интеллектуалды дамуға мүмкіндік алады. Chevron компаниясының қомақты қаржылай көмегінің арқасында ғылыми-техникалық зертханада қолайлы жағдайларда ғылыми зерттеулер мен бақылау жүргізуге барлық жағдай жасалып, жас келушілердің көңілінен шығады деп сенеміз.